Танымал әнші Абай Бегей екінші жары Фариза Жуманованы ерекше сыйлықпен қуантты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі Instagram желісінде жарияланған видеосында жұбайына Mercedes-Benz G-Class (Gelandewagen) автокөлігінің кілтін табыстаған сәтін көрсеткен.
Фариза күйеуіне алғысын білдіріп, бұл сәттің өзі үшін күтпеген сый болғанын айтты.
Желі қолданушылары видеоға жылы лебіздерін қалдырып, ерлі-зайыптыларға бақыт тіледі. Көпшілігі “Әр әйел осындай сыйға лайық” деп жарыса жазса, кейбірі Абай Бегейдің жарына деген ықыласын ерекше атап өтті.
Айта кетейік, Қазақстанда мұндай көліктің бағасы модельге байланысты шамамен 140–180 млн теңге болады.