Адал азамат – әділетті қоғамның тірегі

Адал азамат – әділетті қоғамның тірегі

Кеше Павлодар қаласында «Адал азамат – әділетті қоғамның тірегі» тақырыбында Өңірлік азаматтық форум өтті. Жиын­ның мақсаты – азаматтардың белсенділік институтын нығайту және адалдық құндылықтарын орнықты дамудың негізі ретінде на­сихаттау, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкіл­дері, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдар, жастар бірлестіктері, қоғамдық кеңестер, сарап­шылар және азаматтық қоғамды дамытуға мүдделі басқа да аза­маттар жиналды.  

Форумды өңір басшылығы мен ұлттық азаматтық институттар өкілдері сал­танатты түрде ашты. Басқосуға жиналғандар әділетті қоғамның негізі – аза­мат­тардың рөлі, жергілікті өзін-өзі басқару, қоғамдық бақылау мәселелері мен мем­­лекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін жетілдіру бағыттары жайында сөз қоз­ғады. 
Бұдан әрі жұмыс екі секция бойынша жалғасты. Онда жергілікті өзін-өзі бас­қару және қоғамдық бақылау мәселелері талқыланып, мемлекеттік әлеуметтік тап­сырысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Форум қорытындысы бойын­ша еркін микрофон форматында ашық диалог ұйымдастырылып, белсенді азамат­тар мен ҮЕҰ өкілдері марапатталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары