«Қайрат» пен «Селтик» ойынында жұлдызға айналған 18 жастағы қақпашы үндеу жасады

/
«Қайрат» пен «Селтик» ойынында жұлдызға айналған 18 жастағы қақпашы үндеу жасады

«Қайраттың» жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның матч кезіндегі видеосы желіні шулатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кеше өткен «Селтик» – «Қайрат» (0:0) ойыны кезінде әлеуметтік желілерде 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрзаға қатысты бейнежазба көп таралды. «Қайраттың» негізгі қақпашысы жарақат алғаннан кейін, оның орнына тәжірибелі Темірлан Анарбеков шыққан болатын. Бірақ көп өтпей ойын кезінде оның басы жарылып, дәрігерлер көмегіне жүгінді. Осы сәтте режиссерлер алаң сыртында отырған «Қайраттың» үшінші қақпашысын кадрдан көрсетті. Оның жүзінен толқыныс пен алаңға шығуға деген құштарлық анық байқалған. Ол 56 мың шотланд жанкүйерінің алдында өнер көрсетемін деп ойлағанын жасырмады.

Бүгін Шерханды Алматы әуежайында жанкүйерлер қарсы алып, оның мемге айналған эмоциясы туралы бірнеше сұрақ қойды.

«Темірлан Анарбеков ағамыз жарақат алған сәтте, соған уайымдап қалдым. Менде ешқандай қорқыныш болған жоқ. Алаңға шығып, өнер көрсетуге дайын болдым. Кез келген сәтте дайынмын. Сол үшін күн сайын жаттығу жасаймыз. Өзімді сенімді сезінемін. Қобалжыған жоқпын», - деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары