Шиеліге келген жапондық құдам жаман аурудан айықты — Қуандық Түменбай

/
Шиеліге келген жапондық құдам жаман аурудан айықты — Қуандық Түменбай

Жапонмен құда болған жазушы «Qazaqstan» телеарнасының тілшілеріне ерекше жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жапон тақырыбын біраз жаздым. Әуелі жапондармен құда болдым. Кейін іссапармен шығыс елдерін түгел араладым. Ол жақта артық жер жоқ. Күрішті үйдің екінші қабатына егеді. Өткенде құдамды туған жерім Шиеліге ертіп бардым. Сонда ол кісі «мына жердің бәрін қалай игеріп жатырсыздар?» - деп таң қалды. Олар туралы әңгімелер жаздым. Ол жақта жаман аурумен ауыратындарға цифрлық номер беріледі екен. Құдама 45 номер беріліпті. Ақыры өлемін ғой, қазақпен құда болған соң елін көріп қайтайын деп келген. Сыр бойына барып, күріш өсіруді көріп, көңілі көтеріліп қалған еді. Содан кейін еліне оралып, анализ тапсырса, нәтижесі тап-таза болып шығыпты. Ауруынан айығыпты. Адамның көңілі ғой. Ауру деген адамның көңілінен пайда болатын нәрсе» , - дейді жазушы Қуандық Түменбай.

Айта кетейік, жазушы Қуандық Түменбай туралы «Тұлға» бағдарламасы жақын күндері телеарнадан көрсетіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары