Түркістан облысында мұнайды шетелге заңсыз өткізгендер сотталды

/
Түркістан облысында мұнайды шетелге заңсыз өткізгендер сотталды
istockphoto.com

Түркістан облысының ҚІЖМА соты трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты істі қарап, үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Істің материалдарына сәйкес, 2024 жылы шілдеде Қазақстан азаматы К. Өзбекстанда бензин бағасы қымбат екенін біліп, Өзбекстан азаматы Р.-мен бірлесіп қылмыстық топ құрған. Ол топқа Е., И., А., М. және басқа да азаматтарды тартып, Сарыағаш ауданында жер астынан 375 метрлік құбыр жүргізіп, оны Өзбекстан аумағына жалғаған.

2024 жылдың тамыз-желтоқсан айларында олар 420 тоннадан астам (112 млн теңгеден жоғары бағаланған) АИ-92 бензинін кедендік бақылаудан тыс заңсыз өткізген.

Прокурор К.-ға 15 жыл, қалғандарына 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сот балалары барын жеңілдететін мән-жай деп танып, 18 тамыз 2025 жылғы үкіммен К.-ны 15 жылға, ал И., А., М. және Е.-ні 13 жылға соттады.

Тінту кезінде алынған 3 млн теңге, 16 мың литр бензин және екі жүк көлігі мемлекет меншігіне өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары