Ғалымдар шаш пен жүннен тіс пастасын жасап шығарды

/
Ғалымдар шаш пен жүннен тіс пастасын жасап шығарды
сурет: Dr Sherif Elsharkawy. Pic: King's College, London

King’s College London ғалымдары тіс күтімінде төңкеріс жасайтын жаңалық ашты. Олар шаш, тері мен жүнде кездесетін кератин ақуызының тіс эмалін табиғи түрде қалпына келтіре алатынын дәлелдеді. Бұған дейін эмальдің тозуын баяулату үшін фтор қолданылып келсе, жаңа зерттеу нәтижелері кератин негізіндегі әдістердің эмальдің бұзылуын мүлде тоқтататынын көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz news.sky.com-ға сілтеме жасап.

Кератин сілекейдегі минералдармен қосылып, табиғи эмальдің құрылымын қайталайтын қорғаныш қабат түзеді. Бұл қабат микрожарықтар мен ұсақ ақауларды қалпына келтіріп, тістің табиғи беріктігін сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсілдің арқасында тісжегі мен сезімталдықтың алдын алу әлдеқайда тиімді болмақ.

Жаңа технология күнделікті қолдануға арналған тіс пастасының құрамына енгізілуі мүмкін. Ал күрделі жағдайларда ол кәсіби гель түрінде, тырнаққа арналған лак сияқты жағылатын әдіспен ұсынылады. Зерттеушілер алғашқы сынақ өнімдерін қой жүнінен алынған кератин негізінде жасап шықты. Бұл тәсіл қоршаған ортаға зиянсыз, биоқалдықты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді және фермерлер үшін де пайдалы.

Ғалымдардың айтуынша, кератин қосылған тіс пастасы дәстүрлі пасталардан айырылмайды: дәмі де, құрылымы да үйреншікті қалыпта қалады, тек құрамында тісті қорғауға және қалпына келтіруге жеткілікті мөлшерде кератин болады. Ең бастысы – өнімді баршаға қолжетімді ету көзделіп отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары