Алматыда 46 жастағы ер адам өлі табылды

/
Алматыда 46 жастағы ер адам өлі табылды
istockphoto.com

Талғар ауданында жоғалып кеткен 46 жастағы ер адам Алматыдан өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Асқар Мамбетoв Абдужалилұлы, 1978 жылы туған, 14 шілдеде Тұздыбастау ауылында із-түссіз жоғалып кетті. Ол сол күні шамамен сағат 11:30-да ол Бердіғұлов көшесі, 18 а мекенжайында орналасқан орталық мешіттен шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, содан кейін ер адамды аялдамада көрген. Ол Алматыға баратын №54 автобусқа мінген. Содан бері оның қайда екенін ешкім білмеді.

Сондай-ақ ер адамның бағыт-бағдарын білмей, адасып қалатыны және психикалық ауытқуы бары белгілі болды.

«Жоғалған адамның денесі 14 тамызда табылды. Ал 17 тамыз күні оны әйелі мәйіттің күйеуіне тиесілі екенін растады. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылықтың іздері жоқ», – деп хабарлады еріктілер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары