Стэнфорд ғалымдары адам ойын оқитын чип жасап шығарды

/
Стэнфорд ғалымдары адам ойын оқитын чип жасап шығарды
сурет: istockphoto.com

Стэнфорд университетінің ғалымдары адам ойын оқи алатын ми чипін жасап шықты. Жаңа технология адамның ішкі монологын 74 пайыздық дәлдікпен тануға мүмкіндік береді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеу аясында 4 еріктіге қозғалыс пен сөйлеуге жауап беретін мидың моторлық қыртысына микроэлектродтар орнатылды. Жасанды интеллект нейрондық сигналдарды талдай отырып, адамның ойындағы сөздерін «оқуды» үйренді.

Ең таңқаларлығы – қатысушылар ойша құпиясөз ойлаған, ал оны чип 99 пайыз дәлдікпен танып қойған.

Ғалымдардың айтуынша, бұл зерттеу нейроинтерфейстерді дамытуда үлкен қадам саналады. Алайда мамандар жеке ой қауіпсіздігі мен этикалық мәселелерге байланысты алаңдаушылық та білдіріп отыр.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары