Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

/
Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды , деп хабарлайды turkystan.kz.

Бейбіт Исабаев:

биылғы бірінші жартыжылдықта өңірге 178 миллиард теңге (өсім – 29,5 пайыз) инвестиция тартылғанын айтты.

2025-2027 жылдарға арналған инвестициялық портфель жасақталып, оған жалпы құны 2,6 триллион теңге болатын 128 жоба енгізілгенін жеткізді. Олардың аясында 10,6 мың жұмыс орны ашылады.

Атап айтқанда, тау-кен байыту комбинаты, «Қазақстан – Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды паркі, жел электр стансаларының зауыты, халықаралық әуежай салынады.

агроөнеркәсіп кешенінің дамуы туралы мәлімет берді. 

Биыл облыста 540 мың тонна қызылша жинау және 78 мың тонна қант өндіру жоспарланып отыр. 

өңірдің көлік-логистикалық және транзиттік әлеуетінің жай-күйі, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, елді мекендерді газбен қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымдарды салу және жөндеуден өткізу туралы баяндады. 

туристік салаға баса назар аударды.

Алакөлдің жағасындағы инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр;

Үшарал әуежайының ұшу-қону жолағы жөндеуден өткен;

Өңірде кәріз және электр желілерін жаңарту жұмыстары жалғасуда; 

«Балқаш» туристік-рекреациялық аймағының бас жоспары әзірленді; 

Лепсі ауылы – Балқаш көлі жағалауы автожолы реконструкциядан өтіп, инженерлік инфрақұрылым салу жобасы іске асырылып жатыр; 

Жыл соңына дейін Алматы – Өскемен – Лепсі – Ақтоғай автожолының құрылысы аяқталады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев: 

қант өндірісін одан әрі дамытудың, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз етудің, туристік инфрақұрылымды жетілдірудің және демалушыларға қолайлы жағдай жасаудың маңызына тоқталды. 

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала нысандарының алдағы жылыту маусымына дайындығын бақылауда ұстауды тапсырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары