Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес қазақстандық суретші Әсел Сабыржанқызынан алған ерекше сыйлығын желіге жариялап, көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әнші тамыз айында еліміздегі екі қалаға келіп, концерт берген болатын.
Суретшінің айтуынша, кілемнің көлемі 170x120 см.
«Біз Қазақстанды және біздің бейнелеу өнерімізді әлемге таныту жолында тағы бір кішкентай қадам жасадық!
Рақмет, Джей ЛО шабыт беріп, энергия сыйлағаныңыз үшін! Әрдайым жанкүйерлеріңіздің еңбегін бағалай білетініңіз үшін!
Кілемнің көлемі 170x120 см. Лопестің ерекше бір фотосын таңдадым. Онда Алматының әсем көріністерін бейнеледім. Кілем – өнер туындысына арналған ерекше материал, сондықтан еліміздің атынан осындай сыйлық жасауды жөн көрдім», – дейді автор.