Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, екі жүргізуші де қаза тапты

/
Павлодар облысында екі көлік соқтығысып, екі жүргізуші де қаза тапты
Павлодар облысының Полиция департаменті

Қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

«13 тамыз күні Сольветка ауылының маңында Беловка – Қалқаман автожолында “Тойота Ипсум” және “Тойота Камри” маркалы екі автокөлік бетпе-бет соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында көз жұмды, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді», - деді полиция.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде, және көліктің техникалық жағдайын бақылаудың маңыздылығын еске салады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары