Шымкентте әкімдік ғимараты өртке оранды

/
Шымкентте әкімдік ғимараты өртке оранды
видеодан скриншот

14 тамыз күні түнгі сағат 03:19-да Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимаратта өрт шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғимараттың шатыры жанып, өрттің жалпы көлемі 1200 ш.м. құраған.

Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толығымен сөндірілді.

Өртте зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД-ның 21 техникасы және 88 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығынан 1 техника мен 3 маман, жергілікті атқарушы органнан 2 техника мен 2 қызметкер жұмылдырылды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары