Астанада бухгалтер кәсіпкердің 12 млн теңгесін иемденіп кеткен

/
Астанада бухгалтер кәсіпкердің 12 млн теңгесін иемденіп кеткен
istockphoto.com

Елорда полицейлері 49 жастағы әйелді алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жұмыс берушімен бухгалтерлік қызмет көрсетуге келісімшарт жасасып, ешқандай міндетін орындамаған.

Күдікті қашықтан бухгалтер қызметін ұсынып отырған. Жеке кәсіпкермен ірі көлемдегі ақша қаражатын аудару мәселесі бойынша келісім жасаған соң, ол ақшаның бір бөлігін өзіне иемденіп кеткен. Материалдық шығын 12 миллион теңгені құрады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция бейтаныс адамдармен келісімшарт жасасқанда аса қырағылық танытуға шақырады. Ешқандай жағдайда өз қаражатыңызды аудармаңыз. Алаяқтардың арбауына түсіп, олардың құрбаны болуыңыз мүмкін екенін есте сақтаңыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары