Иракта жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырады

/
Иракта жолаушылар мінген автобус апатқа ұшырады

Иракта ирандық қажылар мінген автобус апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар, деп хабарлайды turkystan.kz.

Иранның төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, бүгін Арбаин рәсіміне бара жатқан қажыларды тасымалдаған автобус Ирактың Басра – Шаламче тас жолында апатқа ұшыраған.

«Азат Иран» Telegram-арнасы таратқан дерекке сәйкес, оқиға салдарынан 4 адам көз жұмып, тағы 57 адам жарақат алған.

Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасы автобустың жол жиегіндегі кедергіге соқтығысуынан болған. Иранның Қызыл жарты ай қоғамы оқиға орнына 10 жедел құтқару тобын жіберген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары