Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының тұрғыны фитнеске 300 жылға жазылып, 870 мың юаньнан ($120 мың) айырылды. Ер адам оларды қымбатқа қайта сатып, пайда табуды көздеген, бірақ фитнес-клуб басшылығы ақшамен бірге жоғалып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz South China Morning Post-қа сілтеме жасап.
Джин Цзинь бұл спорт орталығына үш жылдан бері барып жүрген. Ол клуб басшысынан тұрақты клиенттерге арналған «инвестициялық» ұсыныс естіген: жылдық карта 8888 юаньға ($1,2 мың) сатып алынып, кейін жаңа клиенттерге 16 666 юаньға ($2,3 мың) сатылмақ, бағасының 10%-ы залға, қалғаны сатып алушыға қалмақ. Екі ай ішінде карта сатылмаса, ақшаны қайтаруға уәде етілген.
10 мамыр мен 9 шілде аралығында Цзинь 1200-ге жуық сабақ пен мүшелік картаны, жалпы 300 жылдық мерзімге, 871 273 юаньға сатып алған. Бірақ уәде етілген уақыт өткен соң ақша қайтарылмаған, ал залдың басшылығы мен сату бөлімі жоғалып кеткен. Спорт орталығы жұмысын жалғастырғанымен, тек әкімшілер мен жаттықтырушылар қалған.
Кейін белгілі болғандай, қол қойылған келісімшарттарда ақша қайтару туралы ешқандай тармақ болмаған, керісінше мүшелік басқа адамға берілмейтіні жазылған. «Мен олардың сөзіне алданып қалдым, ақшамды қайтаруға бір қадам қалғандай сендім», – деді ол журналистерге.
Бұл оқиға аясында Қытайдың ІІМ азаматтарды тағы бір алаяқтық схемасы жалған жол полициясы айыппұлдары туралы ескертті. Мошенниктер хат немесе мессенджер арқылы жалған хабарлама жіберіп, төлем сілтемесі арқылы азаматтарды фишинг-сайтқа немесе зиянды бағдарлама жүктеуге итермелейді.