Қазақстанда бес күн ішінде қылмыс жасаған 272 адам ұсталды

/
Қазақстанда бес күн ішінде қылмыс жасаған 272 адам ұсталды
istockphoto.com

ІІМ «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2014-2028 жылдарға арналған қылмысқа қарсы бірлесіп күресудің мемлекетаралық бағдарламасының 2.1.10-тармағын орындау мақсатында осы жылғы 4-7 тамыз аралығында республика аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын ұрлық түрлерін алдын алуға және анықтауға бағытталған “Контрафакт” жедел-профилактикалық іс-шарасы (бұдан әрі – ЖПІШ) өткізілді.

Жедел-профилактикалық іс-шараның тиімді өтуі үшін аумақтық бөліністердің киберполиция, тергеу, анықтау және учаскелік инспекторлары қатарынан арнайы жедел-іздестіру топтары құрылды. Аталған топтар ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге және ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізді.

Ерекше назар интернет-алаяқтықтарды ашуға, контрафактілік өнімдерді тәркілеуге, ақпаратқа заңсыз қол жеткізуді (ҚК 205-бабы), авторлық және сабақтас құқықтарды бұзуды (ҚК 198-бабы), порнографияны таратуды (ҚК 311-бабы), арнайы техникалық құралдарды заңсыз сатуды (ҚК 399-бабы), ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған ұрлықтарды және басқа да қылмыстарды болдырмауға аударылды.

Аталған қылмыстарды жасағаны үшін 272 адам ұсталды, оның ішінде 70-і екі және одан да көп қылмыс жасаған. Жедел-профилакатикалық іс-шараға дайындық нәтижесінде бұрын жасалған 353 қылмыс ашылды, оның ішінде ІТ-технологияларды пайдалана отырып жасалған ұрлық – 12, интернет-пайдаланушыларға қатысты алаяқтық – 328. Еркін айналымға тыйым салынған 2 мың бірлік өнім тәркіленді, оның ішінде 1,7 мың бірлік лицензиясыз өнім тасымалдағыштары және 67 арнайы техникалық құрал бар. Интернет желісін мониторингтеу барысында заңсыз ақпарат таратылатын 205 шетелдік интернет-ресурс анықталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары