Қазақстандық боксшы Темірлан Мұқатаев Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан U22 санатындағы Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақтың финалында Шохрух Абдумаликовты (Өзбекстан) тізе бүктірді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын және екі күміс медаль бар. Бұған дейін Нұрислам Қалдыбаев (60 келіге дейін), Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін) жеңімпаз атанса, Илья Калинин (65 келіге дейін) және Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) күміс медаль иеленген болатын.