Ақтөбе облысында инновациялық құбыр зауыты салынады

/
Ақтөбе облысында инновациялық құбыр зауыты салынады
gov.kz

Мұнайсервистік қызметтер саласындағы қазақстандық компания «Well Master» ЖШС Ақтөбе облысында ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Атап айтқанда арматураланған иілгіш полиэтилен құбырларын шығаратын кәсіпорын салу. Өнім ыстық және суық қысымды сумен жабдықтау жүйелеріне арналған және мұнай-газ өнеркәсібі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тау-кен өндіру салаларында сұранысқа ие болады.

Компания сондай-ақ қосымша өндірістерді іске қосуға қызығушылық танытып, штангалы терең сораптар мен электрлі орталықтан тепкіш сораптарға арналған кабель шығармақ.

Құбыр зауытын салу жобасы импортты алмастыру және облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру бағытындағы маңызды қадам ретінде қарастырылады. Зауытты АЭА аясында орналастыру инвесторларға салықтық және кедендік жеңілдіктерге, инфрақұрылымға және мемлекеттік қолдаудың өзге де түрлеріне қол жеткізу мүмкіндігін ашады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары