Белгілі режиссер 82 жасында өмірден өтті

/
Белгілі режиссер 82 жасында өмірден өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігі

5 тамыз күні 82 жасында отандық кинематографияның алтын буынының өкілі, көрнекті кинооператор және деректі фильм режиссері Анатолий Мищенко өмірден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

«1969 жылдан бастап оның еңбек жолы «Қазақфильм» киностудиясымен тығыз байланысты болды. Мұнда ол деректі киноның жетекші операторлары мен режиссерлерінің бірі атанып, одақтық деңгейдегі жоғары санаттағы кинорежиссер атағына ие болды.

Оның шығармашылық мұрасы — отандық кино өнерінің Алтын қорына енген 80-нен астам деректі фильм. Ең танымал туындылары қатарында: «Большой Капчагай», «Добро пожаловать в Алма-Ату!», «Неравнодушная природа», «Вечерний город», «Первые цветы», «Медео: дни и ночи мужества», «Легенда о бессмертии» сынды фильмдер бар.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Анатолий Васильевичтің туыстарына қайғыра көңіл айтады», — делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары