Қазақстандық былғары қолғап шебері Айбек Оралбай Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді.
Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақтың ширек финалында қырғызстандық Мырзакир Кошалиевпен жұдырықтасты.
Үш раундтың нәтижесі бойынша Айбек Оралбай 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша ол кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.