ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Светлана Айтбаева желіде қызы Раушанның ұзату тойының ерекше өткеніне дән риза болып, ақжарма тілегін жаудырған көпшілікке алғысын жеткізді
"Ардақты ағайын! Бірнеше күннен бері сіздердің ақжарма тілектеріңізді оқып, қуанып отырмыз. Біздің отбасымызға деген ілтипаттарыңыз , ықылас - пейілдеріңіз үшін айтар алғысымыз шексіз! Баршаңыздың амандықтарыңызды тілейміз!Екі бауырының ортасында еркелеп өскен Раушантайымыздың да ұясынан ұшар сәті жетіпті. Ата-Әжесінің мейіріміне шомылып бой жеткен, Әкесінің қызғалдағы бүгін өз жұртының табалдырығын аттады , қадамы құтты болғай!", – делінген жазбада.
Әнші 4 ай бұрын құда түсіп, сырға салған қызы Раушанды ата салттан аттап кетпей ұзатқанын айта кетті.
"Қыз - қонақ" дегеннің растығына бүгін көзіміз жеткендей . Күні кеше дүниеге келген балапанымыз қанатын қағып , үлкен өмірге құлашын жайып аттанды. 4 ай бұрын құда түсіп , сырға салған қызымызды сән-салтанатымен , ата салттан асып кетпей , әжелерінің ақылымен , міне , енді ғана ұзаттық . Жолы болғай дейміз!Көпшілігіңіз тойдың үзінділерін әлеуметтік желі арқылы көріп , оң пікір айтып жатырсыздар , сұрақтар да қойылып жатыр , көп рахмет! Тойдағы көңілдеріңізге ұнаған сәттер туралы кейінірек толық айтып беруге тырысамын. Жақсылықпен жолығайық!", – дейді әнші.