Ақтауда жасөспірімдердің жаппай төбелескен видеосы тарады

/
Ақтауда жасөспірімдердің жаппай төбелескен видеосы тарады
скриншот

6 тамыз күні Ақтаудағы 31А шағын ауданында жасөспірімдердің төбелескен видеосы желіде тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған жағдайға қатысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

 «102» пультіне 31А шағын ауданында топтық жанжал болғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері жетті. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, жасөспірімдер ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады ведомстводан.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жанжалға қатысқан барлық жасөспірім профилактикалық есепке қойылған.

«Ата-аналарға балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді полиция.

Ведомство өкілдері профилактикалық есепке қою жай ғана формалдылық емес екенін еске салды. Қайталанған құқықбұзушылық болған жағдайда жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдеріне қатысты қатаң шаралар қолданылуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары