Астанадағы кішкентай қыз аяғынан айырылған жол апаты: Автобус жүргізушісі рақымшылыққа ілінді

/
Астанадағы кішкентай қыз аяғынан айырылған жол апаты: Автобус жүргізушісі рақымшылыққа ілінді
фото: inbusiness.kz

Астанада маусым айының басында жол-көлік оқиғасын жасаған қалалық автобустың жүргізушісіне  қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бастапқыда маршруттық автобус жүргізушісінің кінәсі қылмыстық іс материалдарымен және сараптама қорытындыларымен дәлелденген. Алайда Қазақстанда амнистия жарияланғандықтан, жүргізуші қылмыстық қудалауды тоқтату туралы өтініш берген.

«Қылмыстық іс амнистия актісіне байланысты тоқтатылды. Дегенмен, қылмыстық іс тоқтатылғанына қарамастан, тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып есептеледі», – делінген хабарламада.

Автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) тергелді. Бұл – басқа адамның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтіру дегенді білдіреді.

Ең төменгі жаза – 2 мың АЕК-ке дейін (2025 жылы 7,8 миллион теңге) айыппұл, ең жоғары жаза – құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты 2 жылға дейін бостандығын шектеу немесе айыру.

Сондай-ақ, полиция жүргізушінің жұмыс берушісінің қызметін тексеру бойынша Астана қаласы әкімдігіне ұсыным жолдаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары