Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Турнир аясында әйелдер арасындағы жартылай финалдық кезең аяқталды.
Оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының төрт боксшысы финалға жолдама алды.
Алтын жүлде үшін Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіге жоғары) жұдырықтасады.