Жанқош Тұраровтың кезекті қарсыласы анықталды

/
Жанқош Тұраровтың кезекті қарсыласы анықталды
instagram

Ұзақ уақыт үзілістен кейін шаршы алаңға оралатын қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың (28-0, 20 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол 5 қыркүйекте Алматыда өтетін кәсіби бокс кешінде жұдырықтаспақ. Қарсыласы – филиппиндік Али Канега (12-2-1, 8 КО). Жекпе-жек бірінші жартылай орта салмақта өтеді және он раундқа жоспарланған.

Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында Алматыда жекпе-жек өткізген. Ол жапондық боксшы Акихиро Кондоға (37-13-3, 21 КО) қарсы жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.

Али Канега соңғы жекпе-жегін биыл маусым айында өткізіп, бірінші раундта жерлесі Джон Лоуоренс Ордонионы (9-9-1, 5 КО) нокаутқа түсірді. Сондай-ақ, ол биыл қазақстандық Руслан Мәдиевпен (17-2-1, 6 КО) кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңілген болатын.

Айта кетейік, Али Канега – бірінші жартылай орта салмақтағы Филиппин бокс федерациясының чемпионы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары