Алматының ботаникалық бағында аққуды қылқындырған азамат іздестіріліп жатыр

/
Алматының ботаникалық бағында аққуды қылқындырған азамат іздестіріліп жатыр
видеодан скриншот

Алматыда Ботаникалық бақтағы аққуларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тексеріс басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желіде екі ер адамның тоғандағы аққуларды мойнынан ұстап жатқан бейнежазбасы тарады. Бейнежазба авторы оқиғаның 5 тамызда болғанын нақтылаған. Жазба қоғамда резонанс тудырды.

Қазіргі уақытта мекеме бұл оқиғаға қатысты егжей-тегжейлі ақпарат жинап жатыр.

– Біз бейнежазбалар арқылы құқық бұзушылардың түрін анықтадық және полициямен байланыстамыз, – деді Ботаникалық бақ әкімшілігі.

Алматы қалалық полиция департаменті Ботаникалық бақ аумағында құсқа қатыгездік көрсету фактісі бойынша тексеріс басталғанын растады.

– Заң аясында құқықтық баға беріліп, шаралар қабылданады. Басқа мән-жайлар анықталуда, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары