Маңғыстауда автомектептер мыңнан астам жалған жүргізуші куәлігін берген

/
Маңғыстауда автомектептер мыңнан астам жалған жүргізуші куәлігін берген
istockphoto.com

Маңғыстау облысының прокуратурасы автомектептердің қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Автомектептер мыңнан астам жүргізушіге оқыту курстарын бітіргені туралы жалған куәлік берген. Және механикалық көлік құралдарымен жүргізушілерді даярлау қағидаларын бұзған жүзден астам факті анықталған.

Атап айтқанда, механикалық көлік құралдары жүргізушілерін медициналық қарап тексеруден өтпеу, жүргізушілерге қорытынды сабақтар өткізбеу, қорытынды аттестаттау мен емтихандарды қабылдамау, оқу жоспары мен жоспар-кестесін бекітпеу, көлік құралы қосымша ажыратуыш жетегі және тежеуіш педальдарымен жабдықталмау деректері.

 Сонымен қатар автомектептерде көлік құралдары мүлдем тіркелмегендігі, тиісінше практикалық сабақтарды өткізуге мүмкіншілік жоқ екендігі белгілі болды. 

Тексеру нәтижесімен автомектеп басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 2 автомектептің қызметі тоқтатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары