«Сеннерйюске» командасының қорғаушысы Максим Суля Дания чемпионатының кезекті турында ерекше сыйлыққа ие болды. «Норшелланнмен» өткен матчта үздік ойыншы атанған Суляға 55 келі жаңа жиналған картоп тарту етілді. Оны алаңға бірден арбаға салып әкеліп берді, деп хабарлайды turkystan.kz sportmail.ru-ға сілтеме жасап.
26 жастағы француз қорғаушысы ойында алғашқы голдың авторы болды. Ол «Сеннерйюскеде» 2021 жылдан бері ойнап келеді және команда сапында 120-дан астам матч өткізген. Бұл жеңіс команда үшін маусымдағы алғашқысы болып, турнирлік кестеде жетінші орынға көтерілуге көмектесті.
Клуб орналасқан Хадерслев қаласы Данияның оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығына бай аймақта орналасқан. Картоп бұл өңірде кең таралған әрі ұлттық тағамдардың маңызды бөлігі саналады, сондықтан мұндай сый жергілікті дәстүрге сай келеді.