Астанада батпаққа батып қалған әйел табылды

/
Астанада батпаққа батып қалған әйел табылды
Polisia.kz

Астанада полицейлер батпаққа батып қалған әйелді құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласының тұрғыны полицияға 33 жастағы әпкесі жоғалып кеткенін туралы хабарлаған. Айтуынша, әпкесі танысымен бірге қала сыртында демалуға кеткен және бір тәуліктен бері үйіне оралмаған. Жоғалған әйелді іздеу бойынша бағдар барша полиция бөлімшелеріне дереу жолданды.

Анықталғандай, таза ауада демалып отырған сәтте әйел танысымен сөзге келіп, сол жерден жаяу кетіп қалған. Кейін, түнгі 11-ден кейін оның телефоны сөндірулі болған.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ақмола облысы ТЖД мамандарының бірлескен жұмысы нәтижесінде, бір тәуліктен соң жоғалған әйел табылды. Ол беліне дейін батпаққа батып қалған.

Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырып, қызды лайдан шығарып алған соң, дәрігерлерге тапсырды.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында жоғалған әйел тірі және дін аман табылды", - делінегн хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары