Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында әлемге әйгілі әнші Джей Лоның Астанада өткен концертіне қатысқанын айтып, ән кешінен қандай әсер алғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шоу аяқталған соң, тележүргізуші құрбысымен бірге әлемдік жұлдыздың сахнадағы энергетикасын талқылаған.
ҚӨ«Мама, талқылап келе жатырмыз. 56 жастағы Дженнифер қалай шаршамайды, не деген би, не деген энергетика, не деген киім ауыстыру, неге оның беті салбырамайды?! Бір гәп бар. 60-қа келген адам тоқтамастан билеп, ән айтуы мүмкін емес деп ойлаймын. Фонограмма қосылған ба? Бір ырсылдамайды», - деп Ләйлә Сұлтанқызы құрбысымен бірге ойын жеткізді.