World Boxing аясында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 19 және 22 жасқа дейінгілер арасында 2025 жылғы Азия чемпионатында 3 тамызда қазақстандық бес боксшы шаршы алаңға шығады.
Алдымен күндізгі сессияда 19 жасқа дейінгілер арасында үш боксшы ел намысын қорғайды.
8 жұп. 55 келі. Әділбек Кожахан — Чиа Фен Пен (Тайвань)
14 жұп. 60 келі. Әділет Тортубек — Шубхам (Үндістан)
21 жұп. 65 кг. Мухит Нұрқабылұлы — Маусам Сухаг (Үндістан).
Кешкі сессияда 22 жасқа дейінгілер арасында қыздар шаршы алаңға шығады.
3 жұп. 48 келі. Гүлназ Бөрібаева — Нон Госогава (Жапония)
10 жұп. 54 келі. Сымбат Алиасқар — Чинь Линь Чу (Тайвань).
Айта кетсек, кешкі сессияда ширек финал өтеді. Оның жеңімпаздары құрлықтық дода медаліне ие болады.
Құрлықтық дода 30 шілде-12 тамыз аралығына белгіленген. Оған 25 елден 396 боксшы (237 ер және 159 әйел) қатысады деп жоспарланып отыр. Олардың арасында Қазақстан, Ауғанстан, Филиппин, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Жапония, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Малайзия, Моңғолия, Непал, Қатар, Қытай, Сингапур, Шри-Ланка, Таиланд, Түркіменстан, Өзбекстан, БАӘ, Въетнам, Бутан бар.