Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген қарындасы Раушанға ән арнап, көптің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол қарындасының ұзату тойында ән арнаған сәті таспаланған видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады.
«Жол мұраты - жету, қыз мұраты кету» дейді қазақ халқы. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қарындасты өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен?! Дегенмен, теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын!», - деп жазды ол.