«Біреу мені өлтіріп қойыпты»: Уәлибек Әбдірайымов өзіне қатысты қауесетке жауап қатты (ВИДЕО)

/
«Біреу мені өлтіріп қойыпты»: Уәлибек Әбдірайымов өзіне қатысты қауесетке жауап қатты (ВИДЕО)
Видеодан скриншот

TikTok желісінде белгілі актер Уәлибек Әбдірайымовтың жол апатынан көз жұмғаны туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақ өнері қара жамылды. Белгілі актер, Шаншар театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов көлік апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Шымкент облыстық театры баспасөз хатшысы Ғалия Өсербаева. Қаралы хабарды шәкірті Ғалымжан Қалыбаев өзінің Инстаграм парақшасына салып Уәлибек Әбдірайымов ақ көңілді кісі еді деп жазды. Қайғылы оқиға, бүгін сағат 17:30-да Шымкент қаласындағы бір қызды күштеп, зорлықпен алып қашып бара жатқан Уәлибек Әбдірайымов көлікте жоғары жылдамдықпен келе жатып жолдан тайып кеткен», - делінген желіде тараған ақпаратта. 

Актер өзінің Instagram-дағы парақшасында өзінің "өлімін" жоққа шығарды.

«Мен Батыс еуропада жүрсем, біреу мені өлтіріп қойыпты. Мен өзіме жанзаны, жетісін айтпағанына өкпеледім. Солай қазір шулап жатыр екен. Қазір шетелге келдім. Кеше Германияда болғанмын. Өзім қорқып кеттім, тірімінба әлде өлімінба деп», - дейді актер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары