Қарағандылық шахматшы әлем чемпионатында 3 медаль жеңіп алды

/
Қарағандылық шахматшы әлем чемпионатында 3 медаль жеңіп алды
Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Қарағандының 20 жастағы тұрғыны Әлімжан Аяпов тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасындағы шахматтан әлем чемпионатында үш номинацияда жүлдегер атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Блицте 20 жасқа дейінгі жастар санатында Әлімжан тоғыз ұпайдың алтауын жинап, күміс медаль иеленді. Ол тек былтырғы чемпион, Беларусь елінің өкілі Михаил Денисенге есе жіберді. Рапидте алты жеңіс, екі тең ойын және бір жеңіліспен ерлер арасында екінші орынды еншіледі.

Ал классикалық шахматта тоғыз партиядан жеті ұпай жинап, ересектер арасындағы санатта қола медаль жеңіп алды», – деді спортшының бапкері Виктор Максименко.

Әлем чемпионатына Қазақстаннан төрт спортшы қатысты.

Ресми емес командалық есепте отандық шахматшылар Ресей мен Үндістаннан кейін үшінші орынға табан тіреді. Құрама қоржынында бес күміс пен екі қола медаль бар, оның басым бөлігін Әлімжан Аяпов еншілеген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары