Павлодарда бес бала адасып кеткен

/
Павлодарда бес бала адасып кеткен
istockphoto.com

Павлодардың Орталық жағалауында 4 пен 8 жас аралығындағы бес бала велосипедпен серуенге шығып, адасып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Лермонтов көшесіндегі аулада ойнап жүрген балалар ересектердің рұқсатынсыз серуендеуге шешім қабылдаған. Жағалауға жеткен соң, олар үйлеріне баратын жолды есіне түсіре алмай қалған. Қорқып кеткен балалар жылай бастайды. Оларды байқап қалған жүргіншілер полицияға хабар берген. Патрульдік қызметтің қызметкерлері жедел жетіп, балалардың жеке басын анықтап, ата-аналарымен байланысқа шыққан.

Балалар үйлеріне қайтарылғаннан кейін полицейлер алдын алу әңгімесін өткізіп, ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті еске салды, ал балаларға көшедегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Ведомство мұндай жағдай қайталанатын болса, ата-аналарға шара қолданылатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары