Малайзияның Кучинг қаласында паратаеквондо - Пумсэ бойынша Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Байрақты бәсекеге құрлықтың әр түкпірінен келген мықты параспортшылар қатысты. Қазақстан құрамасы ел намысын абыроймен қорғап,
2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды.
Жарыс қорытындысы Ахметкерей Абзал (Р31 санаты) пен Овсепян Карен (Р33 санаты) чемпион атанды. Оған қоса Жәнібек Елдос (Р34 санаты) пен Серіков Дәурен (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Расқалиев Айдарбек (Р21 санаты) үздік үштікті түйіндеді.