Өскемендік әйел 5-қабаттан құлап кетті

/
Өскемендік әйел 5-қабаттан құлап кетті
istockphoto.com

Өскеменде бесінші қабаттағы пәтердің терезесін жуып тұрған әйел абайсызда құлап кетіп, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы жағдайды облыстық Полиция департаменті растады.

«30 шілде күні Өскемен қаласында Алматы көшесіндегі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден әйел адам құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Белгілі болғандай, 1942 жылы туған азаматша терезе жуып жатқан кезде абайсызда құлап кеткен.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жеке қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салып, азаматтарды өз денсаулығы мен өміріне ұқыпты қарауға шақырады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары