Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында қайын жұртына барған сәтінде түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Видеодан оның енесін көруге болады. Мұны көрген желі қолданушылары Динараның енесіне қатты ұқсайтынын айтып жатыр.
«Келін ененің топырағынан деген. Енеңізге қатты ұқсайсыз. Жолдасыңыздың туыстары жақсы қабылдайды екен. Динара енесінің аузынан түсіп қалған екен, екеуі өте қатты ұқсайды. Ұқсастықтары Алланың қалауымен ғой, бір-бірі үшін жаралғандай», – дейді желі қолданушылары.
Айта кетейік, Динара Сәтжан біраз уақыт бұрын миллиардер, бизнесмен Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққан болатын. Бұл – екеуінің де екінші некесі. Динараның бірінші некесінен бір ұл, бір қызы болса, Жұмабек Жанықұловтың бірінші әйелінен бес баласы бар.