Ақтауда 8-қабаттан секірген әйел қоқыс жәшігіне құлап, көз жұмды

/
Ақтауда 8-қабаттан секірген әйел қоқыс жәшігіне құлап, көз жұмды
istockphoto.com

Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің жанынан сегізінші қабаттан құлаған әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды turkystan.kz.

29 шілдеде әйел тұрғын үйдің кіреберісінде орналасқан қоқыс контейнеріне құлаған. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жүріп жатыр.

Ведомствоның баспасөз қызметі нақтылағандай, әйел құқық қорғау органдарының қызметкері емес. Бұған дейін Lada.kz басылымы марқұм полицияда жұмыс істеген болуы мүмкін деген болжам жасаған.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары