16 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қылмыстық заңнаманы оңтайландыру-жетілдіру бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Заң күшіне енгеннен кейін, Қылмыстық кодексте неке қиюға мәжбүрлегені үшін жаңа 125-1 бап тәжірибеге енгізіледі.
Аталған бапта 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Неке — екі адамның еркін және саналы келісімімен құрылуы тиіс.
Прокуратура азаматтарға келісімсіз қыз алып қашудың дәстүр емес, қылмыс саналатынын ескертеді.