Полиция Шавкат Рахмоновтың әйелі көлікпен аударылған жерден видео жариялады

/
Полиция Шавкат Рахмоновтың әйелі көлікпен аударылған жерден видео жариялады
Polisia.kz

Жамбыл облысының полиция департаменті белгілі спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы зардап шеккен жол-көлік оқиғасы болған жерден видео жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кадрлардан аударылып кеткен жол талғамайтын көлік көрінеді. Көліктің қаңқасы қатты зақымдалған, дөңгелектерінің бірі орнынан жұлынып, бөлек жатыр. Көлік бөлшектері жан-жаққа шашылған.

«27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңыздағы «Алматы-Екатеринбург» автожолының 299-шақырымында «Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөліктің жүргізушісі Қарағанды облысы жағынан Алматы қаласы бағытына қарай келе жатып, рульге ие бола алмай, автокөлік аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерекке қатысты «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтау және оқиғаның нақты себептерін объективті зерттеу үшін барлық қажетті шараларды жүргізуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды», - делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, апат салдарынан екі адам қаза тауып, екеуі ауруханаға жеткізілген. Көлікте Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы, сондай-ақ олардың таныстары болған.

Кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлының жағдайы туралы мәлімет берді. Ведомствоның хабарлауынша, екеуінің де жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Оларға жабық бас-ми жарақаты мен ми шайқалуы диагнозы қойылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары