Абай облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартты

/
Абай облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерінен бас тартты
Polisia.kz

Абай облысы Аягөз ауданына қарасты 120-дан астам тұрғыны бар Қарағаш ауылында құқық бұзушылықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған «Арақсыз ауыл» бастамасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған игі бастама учаскелік полиция инспекторы Ахметбек Медеттің профилактикалық жұмыстары барысында ұсынылып, ауыл тұрғындарының, әсіресе елге сыйлы ақсақалдардың кең қолдауына ие болды. Аягөз ауданының әкімі Мадиар Байжұманов дүкен сөрелерінде алкоголь өнімдерінің мүлдем жоқ екенін атап өтті. Көптеген тұрғындар ішімдіктен мүлдем бас тартып, жұмысқа орналасқан. Жастардың өмірге деген оң көзқарасы қуантады – олар мүлде ішімдік ішпейді.

Бастаманың оң нәтижесі де көрініс тапты: ауылда тұрмыстық жанжалдар, құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғалары айтарлықтай азайды. Қоғамдық тәртіп нығайып, тұрғындар арасындағы өзара түсіністік пен бірлік арта түсті.

Ауыл ақсақалы Жұмағазы Бекбаев  учаскелік инспектор мен жергілікті әкімдіктің жұмысын жоғары бағалап, бұл бастаманың маңыздылығын атап өтті.

Қарағаш ауылының тәжірибесі – полиция мен жергілікті қоғамдастықтың бірлескен күш-жігері арқылы жастар тәрбиесі мен құқықтық сана-сезімді арттырудың нақты әрі тиімді жолы екенін дәлелдейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары