Желіде африкалық әйелдің бауырсақ пісірген видеосы қызу талқыланды (ВИДЕО)

/
Желіде африкалық әйелдің бауырсақ пісірген видеосы қызу талқыланды (ВИДЕО)
скриншот

Әлеуметтік желіде африкалық әйелдің бауырсақ пісіріп отырған видеосы қазақстандықтардың қызу талқысына түсіп, кеңінен таралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желі қолданушылары бауырсақтың Африкада да әзірленетініне таңқалып, әзілдеп пікір жазған.

«Кім рецепт беріп жүрген», «Өзіміздің бауырсағымызды өмірімде қызғанамын деп ойламаппын», «Қазақтың бауырсағы Африкада не істеп жур?!», «Бауырсақты отырып та пісіруге болады екен ғой. Біз неге есіміз шығып, жүгіріп жүреміз»,  «Біздің елдің келіні емес пе екен?! Төркінге кетіп қалып, пиісіріп жүрген», «Бизнес по казахский в Африке. Нұрлан Коянбаев сатқан ғой»,«Бауырсаққа пантен алу керек»,«Бауырсақтың астына қағаз жайыпты, біраз нәрседен хабары бар-ау»,«Жетісайда отырғандай отыр әпкеміз», - деп жазған олар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары