Алдағы күндері Солтүстік Қазақстанға нөсер жауады

/
Алдағы күндері Солтүстік Қазақстанға нөсер жауады
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 29-31 шілде аралығына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

«Айдың соңғы күндерінде еліміздің аумағында ауа райы кең ауқымды циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен қалыптасады. Ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр мен желдің екпінді күшеюі күтіледі», – делінген хабарламада.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік облыстарда – шаңды дауыл жүреді.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +18…+23 °C дейін төмендейді. Қалған аумақта айтарлықтай температуралық өзгерістер болжанбайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары