Астанада ерекше балаға дөрекі сөздер айтқан әйел іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)

/
Астанада ерекше балаға дөрекі сөздер айтқан әйел іздестіріліп жатыр (ВИДЕО)
скриншот

Автобуста аутизмге шалдыққан балаға тиіскен әйелдің әрекеті желі қолданушыларын ашуын тудырды, деп хабарлады turkystan.kz

Әлеуметтік желіде тараған видеодан қоғамдық көлікте әйелдің науқас бала мен анасына дөрекілік танытқанын, баланы “топас” деп балағаттап, анасының киіміне тиіскенін көруге болады.

Аутизмге шалдыққан 6 жасар Анисаның анасы өздерінің көліктері жоқ екенін, инвотиксиге хабарласу қиын болғандықтан күн сайын сабақтарға автобуспен қатынауға мәжбүр екендерін айтты.

“Мен адамдардан тек түсіністік танытқанын күтемін. Бұған дейін менің қызым автобуспен жүруге қиналатын, айқайлап, еденге жатып алатын. Қазір терапияның арқасында дұрысталып келеді, тек бір сөзді қайталап береді. Айқайламайды, тек бір сөзді қайталайды. Ал адамдарға бұл ұнамайды. Бұрын адамдар тек наразылық білдірсе, бүгін мына әйел қызымды “топас” деп атады, мен жылап қалдым”, – дейді Анисаның анасы Сағина.

Адамдардың осындай наразылықтарынан шаршаған ана қызының кеудесіне үлкен төсбелгі де жабыстырып қойған көрінеді.

Төсбелгіде “Мен өзімді жаман ұстамаймын, мен ерке емеспін. Менде АУТИМЗ. Өтініш, сабырлырақ болыңыздаршы” деп жазылған.

Министрлік қоғамдық көлікте ересек әйелдің ерекше балаға немқұрайлы және менсінбеушілікпен сөйлеген видеосына байланысты алаңдаушылық білдірді.

“Мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Қазір әйелдің жеке басы анықталып жатыр. Оқу-ағарту министрлігінің жұмысында балалардың құқықтарын қорғау мен инклюзивті білім беруді дамыту – басты басымдықтардың бірі. Әрбір бала, даму ерекшеліктеріне қарамастан, құрметке, қорғауға және қоғам өміріне қатысуға құқылы”, – деді комитет өкілдері.

Министрлік барлық ересек адамдарды балалардың құқықтарын қатаң сақтауға және кез келген жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

“Бала мүддесін қорғау – білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым тұсы”, – деп атап өтті ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары