Ильхан Ихсан есімді жас әнші бүгінгі жас әншілердің дамуы, олардың беталысы мен қазіргі деңгейі туралы өзінің ойын ашық айтты. Әнші көптеген ел аалдында жүрген жас орындаушыларға жол ашқан Ninety one тобы екенін жеткізді, деп жазады turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Ильхан AIQAP подкастына берген сұқбатында айтты.
"Ninety one тобы болмаса біз болмайтын едік. Біз дегенім мен, Sadraddin, Kalifarniya, Мирас та болмайтын едік. Қазақ әншілерінің көбі болмас еді. Біздің тіл арқылы әлемдік стандартқа сай ән салуға болатынын көрсетіп берген "91 тобы" менің ойымша. Көбі сөйтіп ойлайды. Расымен де солай. Ондай масштабтағы клип көрмедік, оларға дейін ондай әндерді естімедік. Рэпті поппен араластыруды білмедік. Бізде тек қана рэп не ән болды. Не орыс тілімен шұбарланған рэптер ғана бар еді", - деп мойындады әнші.