Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова екінші некесі туралы айтып, қыздарға ақылын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Екі рет тұрмыста болған әнші «жігіт намазда екен, қиянат жасамайды» деген сеніммен тұрмысқа шықпау керектігін айтты.
«Мен, екінші рет тұрмысқа «жігіт намазда екен, қиянат жасамайды» деп солай асығыс шықтым. Бірақ, некеден кейін ғана, мен «намаз» көрсеткіш емес екенін түсіндім. Оған дейін,«намаздағы ер Алланың аманатына қиянат жасауы мүмкін емес» деп, ойладым. Бірақ, өкінішке орай, сол адамнан көп зардап шектім. Асықпаңыздар! Жар таудауда қателеспеңіздер!», - деп жазды әнші.