Әнші, Қазақстан халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов өзінен 45 жас кіші әйелі Жадыра Сейдешпен бірге түскен фотосессиясынан видео жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Өнер иесі әртүрлі киімдерді ұсынып, суретке түсірген адамдарға алғыс білдірді.
«Шығармашылық процесс сан-саланы қамтиды. Халық перзенті болғаннан кейін, тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету – ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым.
«Сұңқар» фотостудиясының қыз жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әртүрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия жасады. Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотогроф қызым Айданаға рахмет! Жүз жасаңдар, айналайындар», -деген ақ жарма бата,тілегімді бердім, ақ маңдайларынан сүйдім.