Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров Түркияда демалыста жүргенде ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.
Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары Türkiye газетіне сілтеме жасап хабарлап жатыр. Ресей Федерациясының құрамындағы Шешенстан басшысы Мугла провинциясындағы Бодрум аймағында теңізге түсіп жүріп, суға бата бастаған.
Берілген мәліметке сәйкес, ол кенеттен суға батып кеткенде, жағалау күзетінің қызметкерлері оны жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Содан кейін Қадыров жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында жатқан оның жағдайы жақсы деп бағалануда. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.