«Пәтер алып беремін»: Алаяқ тұрғындарды алдап, 110 млн теңгесін алып кеткен

/
«Пәтер алып беремін»: Алаяқ тұрғындарды алдап, 110 млн теңгесін алып кеткен
istockphoto.com

Алматы облысында жағдайы төмен адамдарға арналған арнайы бағдарлама арқылы төмен пайызды ипотекаға пәтер рәсімдеп берем деп, құрбандарын 110 млн теңгеге алдаған алаяққа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Қаскелең қаласының жоғары білімі бар, ресми ешқайда жұмыс істемейтін 47 жастағы азаматы өзін әкімшілік қызметкері ретінде таныстырып, төмен пайызда ипотека рәсімдеп берем деп сендіріп, олардың 110 млн теңгесін қалтасына басқан.

Уәделі 2-3 айда армандары орындалмаған азаматтар, құқық қорғау органдарына жүгініп, қылмыскер қолға түскен.

Жүргізілген тергеу нәтижесінде алаяқтың қылмысы толықтай дәлелденіп, сот үкімімен әкімшілік қызметкер атанған алаяқ 4 жыл 8 айға бостандығынан айырылып, жәбірленушілерге сотқа дейін қайтарып бере алмаған 75 млн теңге қаражатын талап-арыз арқылы өндіруге сот шығындарын төлеуге міндеттелді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары